Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Қазақстан құрамасы Олимпиадада бір боксшысынан айырылды

Қазақстан құрамасы Олимпиадада бір боксшысынан айырылды

Категория: Новости / Новости Казахстана



Қазақстандық 30 жастағы боксшы Берік Әбдірахманов Риодағы олимпиада ойындарында АҚШ-тың 19 жастағы боксшысы Карлос Зеноннан жеңіліп қалды.

2013 жылғы Азия чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Рио Олимпиадасына жолдама алған ұлттық құрамадағы алғашқы боксшы Берік Әбдірахманов Риодағы олимпиада ойындарында АҚШ боксшысынан ұтылып қалды.

Берік алғашқы раундта АҚШ азаматынан басымырақ болғанымен, қалған екі раундта Зенонға есе жіберіп алды.

Осылайша алғаш болып шыққан боксшымыз үмітті ақтай алмай, жарты жолдан шығып қалды. Дегенмен, еліміздің әлі тоғыз боксшысы жүлделі орындарға таласа алады.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: