Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Мырзағали Айтжанов: Әлі тоғыз боксшымыз бар, қызықтың көкесі енді басталады

Мырзағали Айтжанов: Әлі тоғыз боксшымыз бар, қызықтың көкесі енді басталады

Категория: Новости / Новости Казахстана


Берік Әбдірахмановтың қарсыласы шын мәнінде мықты екенін мойындатты. Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

"Бүгін өздеріңіз көргендей, Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысынан ұтылып қалды. Біздің жігіт осыған дейін бұл боксшымен кездесіп көрмеген. Бірінші рет көріп отырмыз. Жап-жас бала. Жас болса да талантты екені көрініп тұр", - деп атап өтті бас бапкер.

Сондай-ақ, Айтжанов оның өте жылдам қимылдайтын боксшы екенін де ашып айтты.

"АҚШ боксшысы алғашқы раундтардан-ақ өте ширақ қимылдады. Екінші раундта тізгінді өз қолына алды. Берік үшінші раундта бар күшін салғанымен бәрі кеш болды. Негізі алғашқы жекпе-жегіміз жеңіспен басталғанда дұрыс болар еді. Бірақ, алда тоғыз жігітіміз бар. Қызықтың көкесі енді басталады. Сондықтан өзіміздің елге берген уәдемізді орындауға, алдымызға қойған мақсатқа жетуге әлі мүмкіндік бар", - деп атап өтті Айтжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бүгін 60 келіде өнер көрсеткен боксшымыз Берік Әбдірахманов бірінші жекпе-жегінде ұтылып қалған болатын.

Ол алғашқы айқасында АҚШ спортшысы Карлос Баль Дераспен жұдырықтасты.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: