Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Ақтөбедегі атыста қаза тапқан әскери қызметкердің артында 4 баласы қалды

Ақтөбедегі атыста қаза тапқан әскери қызметкердің артында 4 баласы қалды

Категория: Новости / Новости Казахстана


Кеше Ақтөбедегі теракт кезінде әскери қызметкер Берік Қалиев қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін Берік Қалиев теракт кезінде ерлікпен қаза тапқан. Бүгінде марқұмның артында жары мен 4 баласы қалды.

"Суыт хабарды естіп барғанымызды, бөлемшенің ауласында 3 адамның денесі жатты. Жантүршігерлік жайт... "Берік ерлікпен қаза тапты, ол бөлімшені қорғап қалды" деп бізді жұбатып жатыр. Бүлікшілер әскери бөлімшеге кіріп келіп, адамдарды ойыншық құрлы көрмей қырып тастаған", - дейді марқұмның туысқаны.

Берік Қалиевтің Ақтөбеде әскери қызмет атқарғанына 10 жылдан асқан. Ембі қаласындағы түрмеден Ақтөбеге 5 жыл бұрын ауысқан.

Ақтөбеде радикалды бағыттағы қылмыстық топпен күресте қаза тапқан Берік Ерланұлы Қалиевтің денесі бүгін Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай селосына тікұшақпен жеткізіледі.

Туысқанды марқұмды 8 маусым күні жер қойнына тапсыратынын хабарлаған.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні бүлікшілер 66/55 әскери бөлімінің қақпасын сындырып кіріп, суық қарудан оқ жаудырды. Бүлікшілер бірнеше әскери қызметкерді жаралап, екеуін атып өлтірген.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: