Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Шетелдік БАҚ Ақтөбедегі атыс туралы не жазды

Шетелдік БАҚ Ақтөбедегі атыс туралы не жазды

Категория: Новости / Новости Казахстана


Кеше Ақтөбеде болған атыс әлемдік БАҚ назарын аударды. Қазақстанның батысындағы қақтығыс туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да хабарлап жатыр деп жазады NUR.KZ.

"Кеше Қазақстанның Ақтөбе қаласында ірі теракт орын алды. Бірден қаланың үш жерінде - полиция бөлімі мен әскери бөлімде атыс болып, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Таң қаларлығы, Ақтөбедегі теракт әдеттегі сценарий бойынша жүрді: белгісіз экстремистер әскерилерге қарулы шабуыл жасады, ал тәртіп сақшылары әдеттегідей кеш қозғалды. Діни фанаттар барынша қарсылық танытуда", - деп жазады Lenta.ru.

Литваның DELFI порталы Қазақстандағы теракт салдарынан ондаған адам жараланды, ішінде құрбан болғандар да бар деп жазды. Литвалық БАҚ Ақтөбедегі оқиғаның радикалды бағыттағы топтардың ісі екенін айтқан.

"Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалада радикалды исламды ұстанған содырлар қару сататын дүкен мен әскери бөлімшеге шабуыл жасап, алты адамды өлтірді. Қазақстанда исламдық шабуылдар өте сирек болады. Бірақ, Ресей шекарасына жақын орналасқан Ақтөбе қаласы 2011 жылы алғаш рет теракт болған қала ретінде танымал", - деп жазады британдық ВВС.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: