Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Заңсыз мигранттар Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар әкетеді

Заңсыз мигранттар Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар әкетеді

Категория: Новости / Новости Казахстана


Заңсыз мигранттар Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар көлемінде қаржы алып кетеді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Бақыланбайтын (жасырын) еңбек мигранттарының қызметінің нәтижесінде Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар көлемінде қолма-қол ақша және банктер мен өзге төлем жүйелері арқылы 1 млрд. доллардан астам қаржы шығарылады. Бұл тұрғыда әлеуметтік тәуекелдерді жабу үшін салықтар мен өзге де аударымдар төленбейді», - деді вице-министр «Көші-қонның әлеуметтік-экономикалық әсерлері: мигранттардың қорғансыздығы және Орталық Азиядағы интеграциялық қажеттіліктер» атты дөңгелек үстелде.

Оның сөзіне қарағанда, көші-қонның тағы бір жағымсыз аспектісі адам саудасына байланысты болып отыр. Бұл үдеріс трансұлттық және трансшекаралық сипатқа те болуда және Алматы процесіне қатысушы елдері үшін тым өзекті тақырыпқа айналуда.

«Халықаралық аспектіде адам саудасындағы құрбандардың басым бөлігін мигранттар құрайды. Халықаралық көші-қон ұйымының статистикасына сәйкес, барша әлемде мәжбүрлі еңбек арқылы түсетін заңсыз табыс 150 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрайды. 21 миллионға жуық адам мәжбүрлі еңбектің құрсауында, оның ішінде 1 миллионнан астам бала әлемдегі адам саудасының құрбандарына айналуда. Шамамен қазіргі заманғы әлемде әрбір жетінші адам мигрант болып табылады», - дейді Б. Нұрымбетов.

 kaz.caravan.kz
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: