Регистрация    Войти
Авторизация
» » » ОҚО-да өзіне берілген параны азсынып, төбелес шығарған әкімнің қызы да шенеунік атанды

ОҚО-да өзіне берілген параны азсынып, төбелес шығарған әкімнің қызы да шенеунік атанды

Категория: Новости / Новости Казахстана


ОҚО-да пара алу барысында пара берушінің басынан ұрған экс-әкімнің қызы аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының бұрынғы әкімі Әлібек Бектаевтың қызы Жанар Бектаева Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған.

2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспектор қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, Жанар Әлібекқызының әкесі 2007 жылы Созақ ауданын басқарып тұрған шағында салық комитеті қызметкерінен әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға тиесілі үйлердің бірін жекешелендіріп беремін деп 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара сұраған.

Параны алу барысында ондағы сомаға көңілі толмаған әкім салық қызметкерінің басынан қолындағы парамен ұрып жіберген. Кейін оңай келген олжаны сейфке салған.

Бұл көріністі қаржы полицейлері жасырын камераға түсіріп алып, қылмыстық іс қозғалған болатын. Сот пара алған азаматты 8 жылға қамау туралы шешім шығарды.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: