Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Категория: Новости / Новости Казахстана


Ақтөбедегі №29 мектепте болған оғаш жағдайды мектеп мұғалімі жайып салды. Ер адамның жыныстық мүшесін салған оқушының әрекетінен шошынған ұстаз ата-анасына ескерту айтқан деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«№29 мектепте 7 сыныпта тентектеу оқушы болды. Ол қағазға ер адамның жыныстық мүшесінің суретін салып «мынау менікі» деп қыздарға көрсеткен. Сыныптағы үздік оқитын қыздың суретін қасына салып, сызба арқылы мен оған апарып жатырмын деп ол қызды жылатып қойды», - дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Венера Давлеталина.

Суретті көрген ата-ана «өзің салған шығарсың» деп баласына емес, мұғалімге ашуланған.

«7 сынып оқушысының анасы баласы салған жаман суретті «Сен салғансың» деп тиіскені бар. Ол оқушыға бірнеше рет ескерту жасадым. Қоймаған соң ата-анасына айтуыма тура келді. Ата-анасы: «Мұны менің баламның салуы мүмкін емес. Суретті өзің салып отырсың, бізге бәле жауып отырсың дегені бар», - дейді мұғалім.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: