Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Дәретханадан табылған сәбиге Мәншүк Мәметованың атын беру тұрғындарды ашуландырды

Дәретханадан табылған сәбиге Мәншүк Мәметованың атын беру тұрғындарды ашуландырды

Категория: Новости / Новости Казахстана



Ақтөбеде дәретханадан табылған сәбиге қазақтың мақтанышына айналған батыр қыз Мәншүк Мәметованың есімін бергені осыдан біраз бұрын БАҚ-та жария болғаны белгілі. Әзірге нәрестенің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Ол 20 мамыр күні "Үміт" сәбилер үйіне жіберілді. Бұл жөнінде облыстық перинатальдық орталық дәрігері Айымгүл Әлиева айтты деп жазады Қазақ үні басылымы.

Дәрігердің айтуынша, сәбидің жағдайы қанағаттанарлық.

"Перзетханаға әкелген кезде дене температурасы 31,2 градус болды. Яғни, бұл қалыпты дене қызуымен салыстырғанда өте төмен. Қазір жағдайы жақсы. Салмақ та қосты. Қазір ол 3 келі 350 грамм болды. Барлық құжаттары дайын. Бүгін "Үміт" сәбилер үйіне жібереміз", - дейді Айымгүл Шынтасқызы.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Ақтөбедегі жеке үйлердің бірінің дәретханасынан нәресте табылған еді. Безбүйрек ана қапқа салып, нәжіс арасына тастаған сәбиді қала тұрғыны Молдағали Орынбасаров тауып алған. Алты баланың әкесі дәретхана шұңқырынан тауып алған сәбиді асырап алуға да ниет білдірген.

"Әзірге бұл ниетім жүзеге аспайтын секілді. Өйткені, үш бөлмелі үйде 8 адам тұрып жатырмыз. Ал заң бойынша, адам басына 18 шаршы метрден тиесілі екен. Яғни, асырап алуға үй жағдайы сай емес. Алайда бұл ниетімізден бас тартпаймыз", - дейді Молдағали Орынбасаров.

"Дәрігерлер тастанды сәбиге Мәншүк Мәметова деген ат қойған. Полицейлер көкек ананы әлі де іздестіріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Баласын дәретхана тесігіне тастаған безбүйрек әйел табылған жағдайда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп жазады kerek-info.kz

Ал бүгін ғана Қазақ үні газетінің жеке поштасына хат жазған Өміржан Қалиев есімді азамат тастанды сәбиге батыр апамыздың есімін бергенге қарсы екенін білдіреді. Ол өз хатында: "Дәретханадан тауып алған нəрестеге қандай адам Мәншүк Мәметованың атын, фамилиясын беріп жүр Батыр апамызды мазақ еткені үшін сотқа беру керек", - деп жазады.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: