Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Назарбаевтың хикаясына жылаған әйелдер әлеуметтік желіде күлкі болды

Назарбаевтың хикаясына жылаған әйелдер әлеуметтік желіде күлкі болды

Категория: Новости / Новости Казахстана



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордаға әйелдер қауымын жинап, төл мерекелерімен құттықтаған болатын. Осы жиын барысында елбасы ана мен бала арасындағы махаббатты баяндайтын аянышты хикая айтып беріп, қыз-келіншектердің біразын жылатқан еді.

Алайда, әлеуметтік желі пайдаланушылары көз жасына ерік беріп, егілгендерді симулянт деп мазаққа айналдырып отыр жазады Skifnews.kz.

Өйткені, Назарбаевтың айтқан аңыз-әңгімесін тоқсаныншы жылдары Жанар Айжанова әніне қосса, осыдан он шақты жыл бұрын Бақытжан Мұстафаев есімді жас әнші осынау оқиға желісінде бейнеклип түсірген болатын.

Ал, аңыздың өзі итальяндықтарға тиесілі. Онда Роми мен Виола есімді ғашықтардың махаббаты баяндалған. Хикая соңында Роми ғашығының көңілін табу үшін өз анасын өлтіріп, жүрегін алады.

Бұл көркем шығарманы кейінірек орыстың жазушысы Василий Шукшин өз тіліне аударған. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басында хикая қазақтар арасында да кеңінен таралған еді. Сондықтан елбасының аузынан оны алғаш рет естігендей болып, әйелдердің егіліп жылауы симуляция дейді бірқатар интернет пайдаланушылары.

Еске сала кетсек, кеше 4 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барша әйелдерді келе жатқан 8 наурыз күнімен құттықтап, кездесуге келген әйелдерге ана жүрегі туралы аңызды айтып, жиналғандарды жылатып қойған еді.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: