Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Мемлекет басшысы National Geographic телеарнасына сұхбат берді

Мемлекет басшысы National Geographic телеарнасына сұхбат берді

Категория: Новости / Новости Казахстана


Қазақстан Президенті телеарна өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, "ЭКСПО-2017»" халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде "ЭКСПО-2017" көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, "жасыл экономика" және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады.

Сұхбат National Geographic телеарнасының "Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы" деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: