Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Сапарбаев жолға жауапты адамдарды шалғайдағы ауылға "желкелеп" апарды

Сапарбаев жолға жауапты адамдарды шалғайдағы ауылға "желкелеп" апарды

Категория: Новости / Новости Казахстана


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жауапты адамдарды Хромтау ауданындағы жол қатынасы үзілген Тассай ауылына «желкелеп» апарды деп хабарлайды Тілші ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Хромтау ауданы Тассай ауылына бұрыннан келгісі келіп жүргенін, алайда тек осы жолы сәті түскенін жеткізді. Алайда, аудан басшылығы тоз-тозы шыққан ауылды көрсеткілері келмегенге ұқсайды.

«Жол жабық, қар қалың деп сылтаурытқылары келді. Бірақ, мен жағдайды өз көзіммен көру үшін әдейі келдім», — деді округ басшысының есебін тыңдап болған Бердібек Мәшбекұлы.

Сапарбаев жиынға келгендерді жолға жауапты лауазымды адамдармен таныстырған.

«Араларыңызға облыстың жолдарына жауапты адам — өздеріңіздің бұрынғы әкімдеріңіз Аязбай Османғалиевтің өзі келіп отыр» дегені сол еді, жиналған жұрт еріксіз күліп жіберді. Арасында бір белсендісі «жолға жауапты адамнан» қайран жоқтығын айтып, ауданның бұрынғы әкімін көпшілік алдында одан сайын ұялтқан.

Облыс әкімі Тассайға барар жолды өз көзімен көрді. Сапарбаев бастаған кортеж бір сағаттық жолды үш сағатта әрең өтіп шыққан. Округ әкімінің сағат үште басталады деген есептік кездесуін халық сағат беске дейін күтуге мәжбүр болды.

Күн райына орай кешігіп жеткенін айтқан облыс басшысы Тассай ауылының тұрғындарынан кешірім сұрады.

Айта кетейік, Тассай ауылы облыс орталығынан шамамен 90 шақырым қашықтықта. Шенділер кортежі жүріп өтпей жатып, өзі әрең тазартылған жолды қалың қар қайта басып тастады.

Естеріңізге сала кетсек, осы аптада аудан, ауыл әкімдерінің есебіне қатысу үшін ел аралауға шыққан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев діни жағдайы күрделі Мұғалжар ауданы әкімінің есебіне қатысқан болатын.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: