Регистрация    Войти
Авторизация
» » » Қытайдың қазақтар шоғырланған өңірі Алтай аймағында тұратын қандасымыз, 22 жастағы кәсіпқой боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы (10-0-1, 5КО) 12 кездесуінде қарсыласынан басым түсіп, супер жеңіл салмақ дәрежесі бойынша (WBA) Қытай чемпионы белбеуін қорғап қалды.

Қытайдың қазақтар шоғырланған өңірі Алтай аймағында тұратын қандасымыз, 22 жастағы кәсіпқой боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы (10-0-1, 5КО) 12 кездесуінде қарсыласынан басым түсіп, супер жеңіл салмақ дәрежесі бойынша (WBA) Қытай чемпионы белбеуін қорғап қалды.

Категория: Новости / Новости Казахстана


Қытайдың Ханчжоу қаласында болған кездесуде Бейсенбі жаңазеландиялық Лэки Маканы (9-0-0, 3КО) 10 раундқа созылған айқаста айқын басымдылықпен (99:92,98:92,98:92) тізе бүктірді.

Қытайлық жанкүйерлері Головкиннің ізбасары санап, «OneG» атап кеткен Бейсенбі кәсіби рингте жалпы 12 кездесу өткізіп, 11 айқаста жеңіске жеткен (5 нокаут) және біреуінде тең түскен.

Ал бұл Бейсенбінің 2016 жылы өткізіп отырған 5-ші кездесуі, сондай-ақ екінші рет Қытай чемпионы белбеуін қорғауы.

Еске сала кетейік, Бейсенбі бұған дейін WBC нұсқасы бойынша бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC World Youth Champion) және WBA бойынша Қытай чемпионы атанған болатын.

Бұған дейін Бейсенбінің Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның туған жері Алтайдың Қаба ауданында тағы бір қазақ боксшысының шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: