DataLife Engine > Новости Казахстана > ҚазАқпарат - Қазақстан бірқатар медициналық клиниканы израильдік ұйымдардың басқаруына беруге дайын.

ҚазАқпарат - Қазақстан бірқатар медициналық клиниканы израильдік ұйымдардың басқаруына беруге дайын.


15-12-2016, 05:00. Разместил: admin


Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы  ресми сапармен келген Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Израиль денсаулық сақтау саласында көшбасшы позицияны алып отыр. Мыңдаған қазақстандық дәрігерлер, медбикелер сіздің елде маманданудан өтіп, білім алды», - деді Назарбаев.

Елбасы осы орайда израильдік мамандар жыл сайын Қазақстанның медициналық орталықтарының базасында 30-дан астам шеберлік сабақтарын өткізетіндігін атап өтті.   «Біздің осы жерде, Астанада салғандарымыз  (медициналық нысандар) сіздердің дәрігерлеріңізге қатты ұнайды. Біз осы ынтымақтастықты кеңейтуге тиіспіз. Осыған орай, бірқатар университеттік клиникаларды израильдік ұйымдардың сенімді басқаруына беру мүмкіншілігін қарастыруға дайынбыз. Сондықтан, Премьер-министр мырза, біз қол жеткізген осынау маңызды уағдаластықтар, келісімдер біздің ынтымақтастығымыздың тамаша тармағы бола алады. Мұның барлығына қолдау білдіргеніңіз үшін рахметімді айтамын», - деді ҚР Президенті.
Вернуться назад