Регистрация    Войти
Авторизация
» » » 6 жасар Мұхаммедті құтқаруға көмектескен қыздың басына қауіп төнуде

6 жасар Мұхаммедті құтқаруға көмектескен қыздың басына қауіп төнуде

Категория: Новости / Новости Казахстана


Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Амангелді ауылында ұрланып, кеше Арыс қаласында табылған Мұхаммед Қамшыбек туралы полицияға хабар беріп, оны құтқаруға көмектескен қыздың басына қауіп төнуде. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде Бибігүл Дәулетбек хабарлады.

«Шымкенттегі балақайдың табылғанына Қазақстан халқы қуануда. Ал, осы баланы тауып беруге себепші болған қыздың жағдайы қандай күйде екенін мен ғана білем. Қазірде иненің ұшында отыр. Далаға емін-еркін шығудан қалды.

Қайсар қыз кеше 6 жасар Мұхаммедтің жоғалғанын Инстаграмға жазғанымда, бірден маған хабарласқан еді.

-Бибігүл апай, мен бұл баланы көрдім. Хиджабтағы әйел емес, басқа 50-55 жастағы әйел мен жанында 35- 40 жас шамасында ер кісі болды, -деп айтқан. Мен шұғыл түрде полиция бөліміне хабарласуын айттым. Ол қыз қорықса да, ІІБ-не хабарласты(менде аудиозапись та бар). Кеше түнде ер кісінің фотороботын жасауға тағы әлгі қызды үйінен алып кетті. Түнгі 1-30-да. Опермен сөйлескенімде, қыздың өміріне қауіп төнбейтіндей жағдай жасауын өтіндім.

Алайда, иә, алайда, байғұс қыз бүгін үйінен шыға алмай отыр. Дүкенге барып нан сатып алуға қорқып отыр. Себебі, баланы ұрлаған еркек бостандықта жүр. Достарыммен сөйлесіп, 102 бөліміне хабарласуын айттым. Неге қыздың жағдайын жасамайды! Марапаттар бермей-ақ қойсын. Бірақ, бұл қыз да адам баласы емес пе! Сонда баланы тауып беруге атсалысқан қызды пайдаланды да, әрі қарайғы өміріне жауап бермейміз деген немқұрайлық па бұл!

Жауап беріңіздерші, осында егер ОҚО ІІБ-нің қызметкерлері болса!

Қыздың есімі құпия түрде ұсталу керек. Бірақ бостандықта жүрген еркек қыздың тұрып жатқан пәтерін біледі. Мәселе сонда болып тұр», - дейді Бибігүл Дәулетбек.

qamshy.kz
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: