Регистрация    Войти
Авторизация
» » » БҚО-да ауыл әкімі жұмысқа мас күйінде келіп, алдына келген адамды балағаттаған. Бөкейорда ауданының Саралжын ауылдық округінің әкімі жұмысқа орналасу мәселесімен келген әйел адамға былапыт сөздер айтқан, сондай-ақ жұмыс орнында мас күйінде жүрген.

БҚО-да ауыл әкімі жұмысқа мас күйінде келіп, алдына келген адамды балағаттаған. Бөкейорда ауданының Саралжын ауылдық округінің әкімі жұмысқа орналасу мәселесімен келген әйел адамға былапыт сөздер айтқан, сондай-ақ жұмыс орнында мас күйінде жүрген.

Категория: Новости / Новости Казахстана

жылдың ақпанында әкімге ауылдық округтің тұрғыны келіп, жұмысқа орналасу жағдайы туралы сұраған. Алайда Рашкалиев оны балағаттаған. Ал әйел адам болса Бөкейорда аудандық ІІБ-не шенеуніктің үстінен арызданған. Нәтижесінде Рашкалиевтің атына әкімшілік қылмыс қозғалған (ұсақ бұзақылық). Сот шешімімен әкімге 10 айлық есептік көрсеткіш сомасында айып тағылды. Бұл ретте аудан прокуратурасы мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзғандығын айтып, қосымша материалдарды қайта қарастыру үшін бізге жолдады", - делінген облыстың тәртіптік кеңесінің хабарында.
Тәртіптік істі қарастыру барысында ауылдық округ әкімінің келушілерге дөрекілік көрсетуінен басқа, жұмысқа мас күйде барғандығы белгілі болған. Әкімнің өзі өз кінәсін мойындады.
"Істі қарастыру нәтижесі бойынша тәртіптік кеңес Бөкейорда ауданының әкімі Рашкалиевке мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығаруды ұсынды", - деп толықтырды тәртіптік кеңесте.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код:
          Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: